Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Педагогикалық жоғары колледждің өзара іс-қимылы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының болашақ тәрбиешілерін қалыптастыру, студенттердің практикалық дағдыларды игеруі, педагогтердің тәжірибесімен алмасу мақсатында Павлодар қаласының Эстетикалық даму орталығы- № 126 бақшасының базасында 2023 жылғы 1 желтоқсан күні «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекетіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар өтті.
Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері, колледж оқытушысы, Павлодар қаласының № 126 сәбилер бақшасының педагогтері және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері қатысты.
Семинар барысында бақша басшысы балабақшаның басым бағыты туралы айтып берді, педагогтер сурет салудың дәстүрлі емес әдістерінің түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Студенттерге дәстүрлі емес пластилиннен мүсіндеу бойынша мектепалды топ балаларымен ұйымдастыру іс әрекетін, сондай-ақ ойын арқылы арт-технологияны қолдану тәсілдері көрсетілді, би қою кезінде ритмикалық қимылдарды қолдануы жүргізілді.
Семинар соңында «Суретші» ойыны арқылы диалог-рефлексия жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді