Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Озық тәжірибе тарату

Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 қараша күні «Әдістемелік кабинеттің шығармашылық зертханасы: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбында өткізілген облыстық алаңда Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Алаңға қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп басшылары, оқу ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері және педагогтер қатысты.
Іс – шара барысында қатысушылар инклюзивті оқыту, тәрбие жұмысы, әдістемелік кабинеттердің қызметін жоспарлау, әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтерімен олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмыстың инновациялық тәжірибелерін енгізу мәселелері талқыланды. Облыстық алаңның пленарлық бөлімінде білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері Павлодар қаласының №36 жалпы орта білім беретін мектебінің «Білім берудегі заманауи трендтер арнасындағы мектеп» инновациялық жобаларының шығармашылық есебін ұсынудағы сараптамалық кеңеске қатысса, диалогтік алаңдарда педагогтер, мектеп басшылары, олардың орынбасарлары критериалды бағалауды енгізу, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлау, білім алушылардың 4К құзыреттілігі бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен әдіскерлері мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиеге жаңартылған мазмұнды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жұмыс үдерісіне инновациялық интерактивті стратегиялар мен әдістемелерді және STEM технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.
Іс-тәжірибені талқылау, тарату мақсатында ұйымдастырылған диалогтік алаң қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

01.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь