2023 жылғы 29 қараша күні Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында Павлодар облысының білім беру басқармасы «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен» бірлескен «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуын белсендіруге арналған тиімді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің түлектері мен студенттерінің қатысуымен әдістемелік жедел жазба өтті. Бұл кездесудің модераторы - арнайы әдістемелер пәнінің оқытушысы, педагогика және психология білімінің магистрі А.Е. Есмагамбетова.
Павлодар қаласының № 19 сәбилер-бақшысының тәрбиешілері студенттерді балалардың интеллектуалдық әлеуеттері мен танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі педагогикалық тәжірибелермен таныстырды.
«Асық ойындары - мектеп жасына дейінгі балаларының танымдық дағдыларын дамыту құралы»; «Мектеп жасына дейінгі балаларының ұсақ қол моторикасын дамытудағы әдіс –тәсілдері»; «Сухой пальчиковый бассейн»; «Технология речевого развития дошкольников - СТОРИСЕК»; «Кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы» тақырыптары қарастырылды.
Әдістемелік жедел жазбаның практикалық элементтері студенттерге тек қана теориялық білім алып қоймай, мектепке дейінгі жастағы балаларға шынайы білім беру практикасында қолдана білуге үйретеді.