2023 жылғы 24 қарашада Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық бастамалар – 2023» республикалық конкурсының облыстық қорытынды кезеңін (қорғау) өткізді.
Конкурс мақсаты – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудегі озық тәжірибені анықтау, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Конкурсқа облысымыздың мамандандырылған және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі педагогтердің жұмыстары үздік деп танылды:
І. «Шеберлік палитрасы» бағыты (пән мұғалімдері) бойынша:
- Шакенева Шолпан Кабдын-Каировна, Павлодар қаласының Дарынды
балаларға арналған №3 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі;
ІІ. «Шығармашыл толқын» бағыты (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері) бойынша:
IІІ. «Сабақ аяқталған соң...» бағыты (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері) бойынша:
ІV. «Психолог сандықшасы» бағыты (психологтер, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер):
- Аушахманова Бакытгуль Тулегеновна, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы.
Конкурстың үздік жұмыстары «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына жіберіледі.