2023 жылғы 23 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.
Конкурстың қазылар алқасы психологтердің кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсету және білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау мен шешу іскерліктерін, білім беру мазмұнын меңгеру дәрежесін, әдістемелік дайындығын , өз іс- әрекетін жобалау қабілетін, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.
Конкурсқа жалпы білім беру мектептерінің, арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарының, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының:
-3 жылға дейінгі;
- 3 -7 жылдар аралығында;
- 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтері қатысты.
Облыстық конкурстың қорытындысы:
I саты – 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер
І орын - Қымбат Қабдырашқызы Әпсалық, педагог-психолог, Аққулы ауданы «Шәмші бастауыш білім беру мектебі»;
II саты -3 - 7 жыл еңбек өтілі бар психологтер
І орын- Динара Ерсаевна Бозжигитова, педагог-психолог, Ақсу қаласының «Айналайын» сәбилер бақшасы» КМҚК
III саты - 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер
І орын- Валентина Юрьевна Бахтина , педагог- психолог, «М.Катаев атындағы оқушылар сарайы»
ІІ орын- Жанар Бейсенбаевна Ордабаева , педагог -психолог, «Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі»;
ІІІ орын- Алмагуль Аманжоловна Хамитова , педагог-психолог, «Павлодар қаласының «№15 жалпы орта білім беру мектебі».
«Психолог-зерттеуші» номинациясы Анна Михайловна Катаева, педагог- психолог, «№4 арнайы мектеп интернаты»;
«Креативті психолог» номинациясы Дана Юрьевна Нагасимова, педагог- психолог, Ақсу қаласының «№24 сәбилер бақшасы» КМҚК
«Кәсіби шеберлік» номинациясы Зура Сапарбековна Оразбаева, педагог- психолог, Май ауданының «Көктөбе ЖОББМ»
«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы Жулдыз Даукеновна Кабдрахимова , педагог- психолог, Павлодар қаласының «№44 сәбилер бақшасы» КМҚК