2023 жылдың 22 қарашасында Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының жоспарға сәйкес Баянауыл білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып Майқайын атындағы балалар өнер мектебінде «Көркем еңбек» пәнін оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға білім бөлімдерінің аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері және көркем еңбек мұғалімдері қатысты.
Педагогтер «Текстуралық пастасы бар кенепте рельефтік жұмыстар жасау», «Сәнді түйреуіштерді жасау технологиясы», «Сызбаның кезең-кезеңімен модульдік технологиясы», «Табиғи материалдардан сәнді бұйымдарды жасау», «Бланктердегі пішіндер», «Ұлттық стильдегі формалар» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.
Қатысушыларға «Ағаш қалдықтарын қайта өңдеу», «Қыш өнерін жасау жолы» тақырыптарында практикалық тәжірибе ұсынылды.
Семинар барысында өнердің әртүрлі түрлерін оқудың, пәндік білім мен дағдыларды меңгерудің тиімді әдістері және сабақта материалдарды көркемдік өңдеу және түрлендіруі көрсетілді.
Соңында қатысушылар семинарда қаралған мәселелердің өзектілігін және оның практикалық маңыздылығын атап өтті.