Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 21 қараша күні «Бақытты бала» жобасы аясында «Әр түрлі әрекет түрлерінде мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік – патриоттық сезімдерін тәрбиелеу» тақырыбындағы семинар - практикум өткізді. Семинар жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардан 40 педагог қатысты.
Семинар барысында педагогтерге мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және әлеуметтік –эмоционалдық дағдыларын дамыту жолдарын ашық интеграцияланған ұйымдастырылған іс әрекеттер түрлерін көрсетті.
Спикерлер режимдік сәттерде ұлттық құндылықтар негізінде ойын технологияларын пайдалану бойынша материалдармен бөлісті.
Іс-шара соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, қатысушылар талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, тәжірибемен алмасты.