Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Павлодар облысының мектептерінде инклюзивті білім беру практикасы

2023 жылдың 17 қарашасында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы қалалық/аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, бастауыш сынып және пән мұғалімдері, педагог-психологтер, педагог-логопедтер, дефектологтерге арналған «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік сағат өткізді.

Орталықтың әдіскерлері мектептегі оқу процесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ескере отырып, жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру ортасын құру, ұйымдастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Баяндамашылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу бойынша мұғалімнің жоспарымен, үйде оқытудың жеке жоспарлары мен бағдарламалары, бастауыш сынып білім алушылары үшін БЖБ және ТЖБ құрастыру бойынша ұсыныстармен таныстырды.

Педагогтер әдістемелік сағатта талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Қатысушыларға жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар мен ұсыныстар берілді.

 

17.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь