Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балаларды психологиялық –педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылдың 16 қарашасында «Мектепке бағдар» жобасы аясында Павлодар қаласының « № 29 балабақша – «Мерей» Білім беру-дамыту орталығы» базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балаларды психологиялық –педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында офлайн педагогикалық шеберхана өткізді. Семинар жұмысына мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің 30 педагог қатысты.

Педагогтер мектепке дейінгі топтардағы балаларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу бағытында жұмыс тәжірибесін ұсынды. Спикерлер танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, логопедиялық жұмыста ойын технологияларын пайдалану, тәрбиеленушілердің  мектепке психоэмоционалды дайындығы бойынша психологтің  қызметін ұйымдастыру бойынша жинақталған материалдарын көрсетті.

Іс-шара соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

17.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь