2023 жылғы 31 қазан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті педагогтеріне арналған «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіне тиімді дайындық жолдары» тақырыбында облыстық офлайн семинар өткізді. Семинарға облыс бойынша барлығы 30 педагог қатысты.
Семинар жұмысында білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіне тиімді дайындық жолдары, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудағы маңызды мәселелер талқыланды. Педагогтер берілген мәтін мазмұны бойынша тапсырмаларды орындауда қиындық туғызған сұрақтарды орындау барысында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ, оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізілетін мектеп білім алушыларының тренажер тесттен өту деңгейі мен аудан/қала шеңберінде қатысу үлесі Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлерімен таныстырылды.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.