2023 жылғы 27 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, мамандандырылған және жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына, педагогтерге кезекті әдістемелік консалтинг өткізді.
Әдістемелік сағатта мектептің даму бағдарламасы ұсынылды. Даму бағдарламасы білім беру ұйымының даму жолдары мен негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Бағдарлама жоғары басым білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін барлық мүдделі тараптардың ресурстары мен күш-жігерін жұмылдыруға арналған.
Екінші бөлімде әдіскерлер әр пән бөлінісінде ББЖМ-ға дайындалу үшін тренажерлерге талдау жасады.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
- бағыттар бойынша білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындықты күшейту;
- тест тапсырмаларын орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерінің орнын толтыру бойынша педагогтердің жұмыс жүргізуі;
- қалалар мен аудандардың барлық білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін ББЖМ-ға бағытталған тапсырмаларын орындауға барынша қатысуын қамтамасыз ету.