2023 жылғы 18 қазанда Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстық «Тіл – тұғырым» жобасы аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Семинарға облыс бойынша 100 педагог қатысты.
Семинар жұмысында білім алушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған, тілдік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін түрлі ынталандырушы тапсырмалар ұсынылды. Сабақтың түрлі кезеңдерінде ауызша мәтінмен жұмыс жасау барысындағы мақсатты сөйлеу тілін қолданудың әдіс-тәсілдері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.