2023 жылғы 16 қазан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Тереңкөл ауданының "Қ. Оспанова атындағы №3 ЖОББМ" КММ базасында облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған “Химия пәнінен қиын есептерді, олимпиадалық есептерді шешу әдістемесі"тақырыбында көшпелі семинар – практикум өткізді.
2023 жылы химия және биология пәндері бойынша облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардың нәтижелері туралы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдіскерлері Жанке Л.А., Тыныштықбай О. Ә. айтып берді.
Химия бойынша есептерді шешу бойынша жұмыс тәжірибесімен Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының химия мұғалімі Нина Вадимовна Меркушева, Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің химия мұғалімі Бақыт Шамеловна Рахимжанова бөлісті. Аудан мұғалімдерінің назарына химиялық кинетика мәселелерін шешудің негізгі әдістері, химиялық реакциялардың жылдамдығы, ерітінділердің концентрациясы, олимпиадалық есептер ұсынылды.
Тереңкөл ауданының педагогтері мектепте сабақта оқушылардың табыстылығының кепілі ретінде химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар химия және биология сабақтарында оның жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі әдістер мен тәсәлдерді қолдану мәселелерін талқылады.
Семинарға қатысушыларға ұсынымдар берілді. Педагогтер семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті.