2023 жылдың 29 қыркүйегінде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жылу құбылыстары» тақырыбында физика пәнінің педагогтеріне арналған облыстық семинар - практикум жұмысын жүргізді.
Тілді дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу білім алушылардың сөздік қорын байыту көзделеді, оқушы ауыз екі сөйлей отырып есте сақтау дағдысы қалыптасатыны анық. Сөздік қоры бай адамның өз ойын қай салада да анық жеткізуге мүмкіндігі бар.Осы орайда «Тіл тұғырым» жобасы аясында: «Физика және Әдебиет», «Ұлы ақын – жазушылардың шығармаларын физика сабағында қолдану», «Физика пәні сабағында пәнаралық байланысты тиімді қолдану жолдары» тақырыптары бойынша Павлодар, Ақсу қалаларының және Баянауыл ауданының педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталық әдіскері 2023-2024 оқу жылында «Физика» пәнін оқытудағы нормативтік қамтамасыз ету туралы айтып берді.
Семинарға қатысушыларға ұсынымдар берілді. Педагогтар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті.