Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар мен перспективалар»

 

2023 жылғы 3 тамыз күні Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар мен перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға өңірлік әдістемелік орталықтардың басшылары, мамандандырылған жоғары оқу орнының, жоғары педагогикалық колледждің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, әдіскерлер, директорлар мен директорлардың орынбасарлары, мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері қатысты.

Заманауи менеджменттің ең өзекті мәселелері, «2025 жылға дейін «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында айқындалған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруда инновациялық үдерістерді ұйымдастыру бойынша Павлодар облысының тәжірибесі ұсынылды. 

Дәстүрлі Конференцияның күн тәртібіне «Ұлттық жобалар мен стратегиялық міндеттерден – білім беру сапасына» пленарлық форсайт сессиясы, сондай-ақ бес тақырыптық алаңда кәсіби диалог өтті.

 «Педагогикалық шеберлікті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу»  (нормативтік негіздерден бастап шеберлік шыңдарына дейін) және «Заманауи білім беру ғылымы мен практикасын интеграциялау  «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру бойынша барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл моделі» тақырыптық алаңдары 200-ден астам қатысушыға дамып келе жатқан білім беру үдерісін құру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Келесі алаң «Қаладан-ауылға» инновациялық жобасы қатысушыларының шолу-форумына қатысушыларды қарсы алды. Командалық семинарлар мамандандырылған мектептер мен ауылдық округтердің сәтті дуэттерінің панорамасын көрсетті.

Жас педагогтерге арналған «Өсу нүктесі» тақырыптық платформасында: тәлімгерліктен кәсіби биіктерге дейін жас  педагогтерге кәсіби өсу үшін тәлімгерлік пен әдістемелік қолдаудың заманауи түрлері ашылған.

«Командалық басқарудың имитаторы» педагогикалық квест ойынында стратегиялық менеджменттің өзекті құралдары қарастырылды, оның барысында менеджмент пен көшбасшылықты ұйымдастыру бойынша жұмыстың жаңартылған моделі құрылып, ұсынылды.

03.08
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь