Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Арнайы және инклюзивті білім берудің «Үздік оқу-әдістемелік құралы» облыстық конкурсының қорытындысы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын тәжірибеде  іске асыратын шығармашыл, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылғы 29 мамыр күні арнайы және инклюзивті білім берудің «Үздік оқу-әдістемелік құралы» облыстық конкурсын ұйымдастырды.

         Ережеге сәйкес конкурс төрт бағыт бойынша өтті: «Сабақтың білім беру ортасы», «Түзету-дамытушылық оқыту», «Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер», «Білім-жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы». Бірінші (қашықтықтан) кезеңге 67 педагог қатысты, оның ішінде 16 педагог конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болды.

Қазылар алқасы мүшелерінің қызметінің қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. I, II және III дәрежелі дипломдармен 9 педагогтер марапатталды.

«Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

 

  • «Сабақтың білім беру ортасы» бағыты

І орын – Еспосынова Асель Сиязхановна,  Павлодар қаласының «Аманжол            Шамкенов атындағы лицей-мектебі»

ІІ орын - Успанова Назерке Исабекқызы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Аққулы жалпы орта білім беру мектебінің»

ІІІ орын - Литвиненко Ольга Васильевна, Павлодар қаласының «№17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі»

  Номинация «Үздіктер ізімен» - Ченваева Самал Женисовна, Павлодар қаласы «№17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі»

   Номинация «Үздік жас маман» - Жумабаева Аяужан Сабитовна, КГУ Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы негізгі жалпы орта білім беретін мектебі»

 

  • «Түзету-дамытушылық оқыту» бағыты

І орын – Жетписова Динара Жумабаевна, Павлодар қаласы "№ 1 арнайы кешен балабақша –мектеп-интернаты"  КММ

ІІ орын - Осипова Ружена Евгеньевна, Павлодар қаласы  «№7 арнайы мектеп – интернаты»

ІІІ орын - Прокопенко Татьяна Александровна, Павлодар қаласы  «№15 ЖОББМ»

 

  • «Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» бағыты

ІІ орын - Гессе Светлана Васильевна, Павлодар қаласы  №14 ЖОББМ

 

  • Білім-жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы» бағыты

 

І орын  – Тулемисова Нурсауле Кайркеновна, Павлодар қаласы "№ 1 арнайы кешен балабақша –мектеп-интернаты"  КММ

ІІ орын - Каржасбаева Асем Толеутаевна, Павлодар қаласы "№ 1 арнайы кешен балабақша –мектеп-интернаты"  КММ

29.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь