Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 11-25 мамыр аралығында «Мың бала» жобасы аясында ұйымдастырылған «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы» облыстық конкурсының қорытынды кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты - инновациялық әдістемелер кешенін қолдана отырып, қазақстандық этностардың балалары мен жастарына қазақ тілін жеделдетіп оқыту бойынша озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
Конкурсқа бағдарламалары қалалық/аудандық іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтері қатысты.
Конкурсқа барлығы 18 жұмыс ұсынылды.
Қазылар алқасының мүшелері қызметінің қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды. І, II және III дәрежелі дипломдармен 3 жұмыс белгіленді және конкурс қатысушыларына сертификаттар (электронды форматта) табысталады.
І орын - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Р.Нұртазина атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жумагожина Жанетта Бауыржановна.
ІІ орын - Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Әйтей негізгі орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжол Химбат.
ІІІ орын – Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жумабекова Гульжайнат Бейбутовна.
«Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы» облыстық конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!