Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2022 жылғы 25 мамыр күні«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытынды кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты - пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
Конкурсқа келесі бағыттар бойынша барлығы 100 жұмыс ұсынылды: «Білім берудегі менеджмент», «Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру», «Психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша», «Физика-математика бағытындағы пәндер бойынша», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша», «Эстетикалық пәндер бойынша», «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша»,«Қосымша білім беру».
Облыстық кезеңге 16 жұмыс жіберілді.Республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындары:
II орын - Елена Сергеевна Никитина, «Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі» КММ
II орын –Шолпан Кабдын-Каировна Шакенева, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ
II орын - Гульмира Саясатовна Касимова, «Павлодар қаласының Рафика Нұртазина атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
II орын – Мейрамгуль Сагдатовна Салимова, «Бекмұрат Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
II орын – Анна Васильевна Резник, «Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
III орын - Анар Сулейменовна Баймаганбетова, Екібастұз қаласы «№ 26 гимназия-мектебі» КММ
II орын –Майса Тусуповна Ескендирова, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ
III орын - Алма Сапаргалиевна Шахметова, «Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Облыстық кезеңнің II, III диплом иегерлері республикалық кезеңде Павлодар облысының атынан қатысады.