Жас педагогтердың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін – өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы "Дарынды балаларға-талантты ұстаз»Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.Олимпиадаға 52 жас педагог қатысты.
Қазылар алқасының мүшелері ретінде жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылары, білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскерлері шақырылды.
Облыстық кезеңнің финалында 16 педагог қатысты.
I орын-Алькенова Махаббат Боранбаевна, «Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің № 17 жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ қазақ тілі мұғалімі;
ІІ орын - Мухаметхан Аккумис,Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің «Үшқұлын негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің аға-тәлімгері, Семей Назерке Берікқызы,«Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-лицейі» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Соваровская Татьяна Николаевна,«№39 ЖОББМ» КММ-нің ағылшын тілі мұғаліміМельникова Ирина Витальевна,«№17 ЖОББМ» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Шамгунова Альбина Ерканатовна,Павлодар қаласы «Аманжол Шамкенов атындағы мектеп – лицей» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Облыстық кезеңнің I, II, ІІІ дәрежелі дипломдарының иегерлері республикалық кезеңде Павлодар облысының атынан қатысады.