2023 жылдың 22 мамырда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік әдіскер - 2023» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты - кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес әдіскердің кәсіби имиджді қалыптастыру болып табылады.
Қорытынды кезеңіне қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің және құрылымдық ұйымдарының 8 әдіскері қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша:
І орынды - Рахымжанова Құндыз Мұратханқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері иеленді.
ІІ орынды – Шумакова Мәншүк Тынысқызы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдіскері иеленді.
ІІІ орынды - Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдіскері, Оспанова Әсем Нұрланқызы иеленді.
Конкурс номинанттары:
«Шығармашыл әдіскер» - Нұртаева Назымгүл Құдышқызы, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің әдіскері.
«Іскер әдіскер» - Сматаева Жаныл Мұхаметжанқызы, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің әдіскері.
«Креативті әдіскер» - Кумарбекова Дана Рашитовна, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің әдіскері.
«Жаңашыл әдіскер» - Акимочкина Евгения Владимировна, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің әдіскері.
«Үздік әдіскер – 2023» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері тамыз педагогикалық оқулары аясында марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!