Павлодар облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі «Өзара іс-қимыл және кәсіби қолдау туралы» бұйрығына сәйкес мамандандырылған мектептер «Қаладан – ауылға» жобасын іске асыруда. Жоғарыда аталған жобаны әзірлеуші және модератор Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы болып табылады.
Үш жылдан астам уақыт бойы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты Ақтоғай ауданының мектептеріне өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру мәселелерін кешенді шешуде теориялық және практикалық көмек көрсетіп келеді.
Мұғалімдердің кәсіби деңгейіне инновациялық тәсілдерді енгізуде, педагогикалық шеберлікті жетілдіруде, нәтижесінде ауыл мектептерінің білім алушыларының білімі мен дағдыларын нығайтуда әріптестеріміздің қомақты үлесі бар.
Бүгін кәсіби өзара іс-қимылдың кезекті кезеңі өтті: Ақтоғай ауданы мектептерінің әкімшілігі мен жаңашыл педагогтері Білім беруді дамытудың инновациялық орталықтың басшылығы мен әдіскерлеріне үй тапсырмасын көрсетті. Ағымдағы жылдың сәуір айында Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының басшылығы әзірлеген және өткізген «Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін командалық басқару» атты екі кезеңдік семинар тақырыбы бойынша жобалық жұмысты көрдік.