Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығында 2023 жылдың 3 мамыр күні «Оқушыны оқуға ынталандыру тәсілі ретінде мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына мектеп педагогтері, «оқуға құштар мектеп»жобасына жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары қатысты.
Семинар аясында Аққулы, Павлодар аудандары, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мектеп педагогтері сөз сөйледі.
Қатысушылар "оқуға құштар мектеп "жобасын іске асыру шеңберінде баланың оқуға және танымдық қабілеттерін дамытуға ынталандыратын семантикалық оқудың нысандары мен әдістерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.