2023 жылғы 25 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік педагог» тәжірибесін трансляциялау бойынша Тереңкөл ауданының педагогтері және Байқоныс ЖОББМ 7 – сыныптың білім алушылары үшін онлайн-сабақ ұйымдастырды.
Онлайн - сабақты Баянауыл ауданы М.Көпеев атындағы ЖОББМ физика және информатика мұғалімі, «Үздік педагог - 2022» атағының иегері Асқар Хамзаұлы Аюпов өткізді. Мұғалім білім алушыларда қызметтің барлық компоненттерін қалыптастыруға ықпал еткен білім беру ресурстарын пайдаланды.
Білім алушылар сабақта белсенділік танытып, тапсырмаларды ойдағыдай шешті. Сабақ соңында кері байланыс берілді. Педагогтер практикалық маңыздылығын атап өтті.