2023 жылгы 11 сәуірде Павлодар облысының білім беру басқармасының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2023» республикалық конкурсының І-ші облыстық кезең қорытындысын шығарды.
Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Облыстық конкурсқа қатысуға 18 өтінім берілді.
Педагогтердің аналитикалық материалдарының сараптамасы қашықтықтан өтті. Әр қатысушы қазылар алқасының мүшелеріне «Кәсіби досье» әдістемелік портфолиосын Е-портфолио арқылы ұсынды.
Әдістемелік портфолиода жұмыс тәжірибесі, жалпылау, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды қолдану, шығармашылық және зерттеу тәсілдерін, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің нәтижелілігі көрсетілді.
Бірінші тур қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10 қатысушы ІІ турға қатысуға жіберіледі.
І тур қорытындысы:
1 | Ахметова Сандугаш Боранбаевна | Май ауданы Малайсары орта мектебінің тәрбиешісі |
2 | Бикенева Сандугаш Айтпаевна | Аққулы ауданы ЖОББМ тәрбиешісі |
3 | Карымсакова Гульжихан Сатановна | Павлодар қ. № 30 с/б тәрбиешісі |
4 | Кабей Жайнагул | Павлодар қ. № 8 с/б тәрбиешісі |
5 | Магзумова Маншук Зарлыковна | Ақсу қ. № 18 с/б тәрбиешісі |
6 | Рахимбекова Гулнабира Махаббатовна | Павлодар ауданы Кеменгер ауылы «Аяла» с/б тәрбиешісі |
7 | Романевич Татьяна Фёдоровна | Павлодар қ. № 86 с/б «Baby Land» дене-шыңықтыру сауықтыру орталығының тәрбиешісі |
8 | Смагулова Жазира Каиржановна | Май ауданы «Акбота» с/б ән-күй жетекшісі |
9 | Шекеева Венера Бейсембаевна | Железин ауданы «Балапан» с/б тәрбиешісі |
10 | Хонысбай Улжан | Баянауыл ауданы Майқайың кенті сәбилер бақшасының тәрбиешісі |