Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылдың 5 сәуірінде «Жыл мұғалімі» облыстық конкурсының ІІІ турын өткізді.
Конкурстың ІІІ турының 8 қатысушылары №39 Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар орта мектептің базасында ашық сабақтар өткізді. Қатысушының сабақта заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдану кәсіби құзыреттілігі бағаланды.
Критерийлер негізінде 70% жоғары жинаған келесі қатысушылар конкурстың ІV турына жіберілді:
Шокаева Аигерим Алтынгазиевна, Баянауыл ауданы, М.Ауэзов ат. ОМ
Жекенаева Динара Дисенгельдиновна, Ақтоғай ауданы, Абай ат. ОМ
Худас Рина, Ақсу қаласы, Ы.Алтынсарин ат. қазақ ОМ
Байгужинова Галия Темирхановна, дарынды балаларға арналған №3 гимназия
Бексеитова Гаухар Кайратовна, Май ауданы, Ақжар ОМ
Хамитова Айгерим Рысбековна, Павлодар қаласы, Ж.Ташенев ат. ОМ