Павлодар облысының Білім беру басқармасы мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2025 жылдың 18 сәуірде «Жыл мұғалімі - 2025» облыстық конкурсының II турын (сабақ өткізу) өткізді. Бұл конкурс педагогтің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
II турының қорытындысы бойынша 70%-дан жоғары ұпай жинаған 13 қатысушы III-ші турға өтті.