2025 жылғы 13 наурыз күні Павлодар облысының білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2025» республикалық конкурсының облыстық кезеңнің І тур қорытындысын шығарды.
Конкурсқа аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Облыстық конкурсқа қатысуға 25 өтінім берілді.
Қазылар алқасының құрамы Білім беру басқармасының мамандары, Ә.Марғұлан атындағы ППУ оқытушылары, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің және ББДИО әдіскерлері педагогтердің аналитикалық материалдарына сараптама жүргізді, онда жұмыс тәжірибесі, жалпылау, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды қолдану, шығармашылық және зерттеу тәсілі, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің нәтижелілігі көрсетілді.
Бірінші тур қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10 қатысушы ІІ турға қатысуға жіберіледі.
І тур қорытындысы: