2025 жылғы 06 қаңтар күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі базасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру болып табылады.
Аталған олимпиадаға облыстың 157 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. 2025 жылғы ақпанда ең үздік нәтиже көрсеткен 8 педагогтен тұратын Павлодар облысының командасы олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысады.
І дәрежелі дипломмен 14 педагог, ІІ дәрежелі дипломмен 20 педагог, ІІІ дәрежелі дипломмен 30 педагог марапатталды. 14 бастауыш сынып педагогі «Алтын тұғыр - 2025» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінде Грамотамен марапатталды.
Олимпиаданың қорытындысы Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сайтында жарияланды.