Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Білім беру ортасында діни экстремизмнің алдын алу: өзара әрекеттесу стратегиялары, толеранттылықты тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру

 

         2024 жылдың 30-желтоқсан күні Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Зайырлылық және дінтану негіздері» юнитін жүргізетін және тарих пәні педагогтеріне «Білім беру ортасында діни экстремизмнің алдын алу: өзара әрекеттесу стратегиялары, толеранттылықты тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара екі форматта: оффлайн және  Zoom платформасында жүргізілді.

         Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау, сондай-ақ, толеранттылықты қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

         Аталған іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • Жастар арасында толеранттылықты қалыптастыру тәсілдері.
  • Діни экстремизмнің алдын алу жолдары.
  • Қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді нығайту.

         Дөңгелек үстелдің нәтижесінде жастарды діни экстремизмнен қорғауға бағытталған ұсыныстар  мен бағыттар берілді.

 

30.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь