Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Педагог-ассистентерінің қызметі туралы

2024 жылғы 12 қарашада Павлодар облысының Инновациялық білім беруді дамыту орталығы облыстың педагог-ассистенттеріне арналған «Білім беру ұйымдарында педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға облыстың 148 педагог-ассистент қатысты.

Отырыста қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері қаралды, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, ассистенттердің оқу қызметін ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, проблемалық мінез-құлықты еңсеру, педагог-ассистенттің оқу-тәрбие процесіне қатысушылармен өзара іс-қимылы, құжаттама жүргізу, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шарттары, сондай-ақ әр баланы табысқа жету жағдайын жасаумен үйлестіре отырып, әртүрлі қызмет түрлеріне қосу тәсілдері.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтар қойып, жауап алды, соңында ұсыныстар берілді.

12.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь