Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған әдістемелік семинар-практикум

2025 жылғы 13 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім», «Көктемгі мектеп» кіші жобасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға дайындық мақсатында мектеп пен колледж  педагогтері үшін  математикалық сауаттылығы бойынша әдістемелік семинар-практикум өткізді.

         Семинарда жетістіктің алты деңгейі бойынша тапсырмалар қарастырылды. Сызбалар бойынша әрекеттерді орындауға және есептеулерді жасауға арналған бірінші және екінші деңгейлік тапсырмалар. Үшінші және төртінші деңгейдің тапсырмасы геометрияда геометриялық фигуралардың абстрактілі, кеңістіктік ұғымдарын, атап айтқанда куб, тік бұрышты параллелепипед және оларды практикалық қолдану. Бесінші деңгейлік тапсырма күрделі жағдайларды анықтау үшін модельдермен жұмыс істеуді, сондай-ақ алтыншы деңгейдегі контекстік тапсырмаларды қамтиды.Семинар педагогтерге білім алушыларды халықаралық зерттеулерге тиімді дайындау және логикалық ойлауды дамыту үшін қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.

 

13.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь