Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

САБАҚТЫ БАҚЫЛАУ – ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ

«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасы аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы        13-20 қараша аралығында педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу, олардың кәсіби қиындықтарын анықтау мақсатында облысымыздың мақсатты мектептерінде 66 сабаққа қатысты.

Жобалық кеңсенің ментор-әдіскерлері пән мұғалімдерінің білім беру тәжірибесін мектеп контексінде сабақтарды бақылау және олардың әлеуетіне сәйкес жеке қолдау тәсілі ретінде кері байланыс ұсыну арқылы жақсартуға ынталандырды.

Әдіскерлер қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жобалау және құрастыру, формативті бағалау, сабақта сындарлы кері байланыс ұйымдастыру мәселелері бойынша  практикалық көмек көрсетті.

Мектепте әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру, өзіндік білім алу тақырыбымен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

06.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь