2024 жылғы 27 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында «STEM инновациялық тәсілдері және пәнаралық байланысты іске асыруға арналған ресурстар» атты тәжірибеге бағытталған семинар өткізді. Спикерлер ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекеттер арқылы STEM технологиясының практикалық бағытын көрсетті.
Практикалық семинардың мақсаты - қолданылатын ресурстар STEM білім беру ортасын құруға, педагогтердің оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану тиімділігін анықтауға және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.
Рефлексия және кері байланыс Padlet платформасы арқылы және онлайн тақтаға сілтеме арқылы QR– код түрінде ұйымдастырылды.