Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Ауыл мектептері педагогтеріне арналған халықаралық конференция

2024 жылғы 30 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы:ізденістер,мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

            Конференцияда ТМД елдерінің ауылдық және шағын жинақты мектептер қызметінің маңызды аспектілері бойынша тәжірибесі жаңартылып, қорытындыланды.

Конференцияның негізгі мақсаты – шағын жинақты  мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру перспективаларына әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерді жалпылау,  ауыл  мектептеріндегі білім алушыларға бәсекеге қабілетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие үдерісін басқаруды тиімді ұйымдастыру іс-шара барысында сәтті жүзеге асырылды,  анықталған проблемалардың өз уақытында  шешілгенін көрсетті.          Конференция жұмысына  Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұйымының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Қазақстанның тұрақты даму қоры, Қырғызстан,  Беларусь,  Ресей, АҚШ, Германия,  Болгария өкілдері,  Алматы, Павлодар университеттерінің ғалымдары, ПШО тренерлері, облыстық әдістемелік орталықтар басшылары,  аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттер, жалпы білім беретін және мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары,  педагогтері, республиканың барлық облыстарының әдіскерлері қатысты.

         Пленарлық бөлімінен  кейін конференция жұмысы 7 тақырыптық алаңдарда жалғасты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан педагогтер  көтерілген мәселелердің маңыздылығы мен ауылдағы білім беруді дамытудың келешегі мен мәселелерін шешудегі жаңашылдықты атап өтті.

Конференция жұмысының  қорытындысы бойынша ауылдық және шағын жинақты мектептер қызметінің басым бағыттарын айқындайтын қарар қабылданды.

 

31.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь